Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда көшеде ер адам пышақталған: 17 жастағы тұрғын ұсталды

Опубликовано:

Пышақ ұстаған жігіт
Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ

Петропавлда тұрғын үйлердің біріндегі аулада 51 жастағы ер адам пышақталып кеткен. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды, ал 17 жастағы жасөспірім күдікке ілінген, деп хабарлайды Петропавловск.news.

Басылым СҚО полиция департаменті деректеріне сілтеме жасап, бұл жайт 21 қарашада сағат 20:32-де Сейфуллин көшесіндегі тұрғын үй ауласында болғанын жазған.

"Жанжал кезінде белгісіз біреулер 51 жастағы ер адамды пышақтап кеткен, салдарынан ол ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада.

Полицейлер 20 және 17 жастағы үш күдіктіні анықтап, ұстаған.

"Алдын ала болжам бойынша жәбірленушіні пышақтап кеткен 17 жастағы жасөспірім анықталды, ол бұрын түрлі құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған", – деп қосты тәртіп сақшылары.

Қазір ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2047180-petropavlda-kosede-er-adam-pysaqtalgan-17-zastagy-turgyn-ustaldy/

pixel