Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында белгісіз ер адам әйелді соққыға жыққан (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/novosti_raiona

Желіде көшенің қақ ортасында белгісіз ер адам әйелді соққыға жыққаны түсірілген видео жарияланды. Instagram-парақшада жарияланған жазба сипаттамасында оқиға Алматы облысында болғаны жазылған. Жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жарияланған видеода скутер мінген белгісіз ер адам көшеде келе жатқан әйелдің алдын бөгеп, жанында тоқтағанын көруге болады. Әуелі олар жай сөйлесіп тұрған. Бірақ көп ұзамай скутер жүргізушісі әйелді бірнеше рет ұрып, құлатқан. Сонымен қатар оқиға орнында жолаушылар жүргені көрсетілген.

Novosti_raiona Instagram-парақшасында жарияланған жазба сипаттамасында видеодағы ер адам соттылығы бары және дәрігер-терапевт болып жұмыс істейтін жүкті әйелді соққыға жыққаны жазылған.

"Ол дүкеннен шығып келе жатқан еді, ол (ер адам – ред. ескертпесі) көлігіне бара жатқан әйелдің жолын бөгеген. Әуелі ол сөзбен тиісе бастаған еді, кейін оны (әйелді – ред.) соққыға жығып, әйел ауыр дене жарақатын алған. Салдарынан әйел Есіктегі орталық аудандық ауруханасына жатқызылды", – деп жазылған Novosti_raiona Instagram-парақшасында жарияланған жазбада.

Алматы облысы полиция департаменті мәліметіне сүйенсек, биыл 22 қазанда Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөліміне 37 жастағы әйел өзін көшеде ұрып-соққан ер адамға қарсы шара қолдануды сұрап, шағым жасаған еді.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тіркелді.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында 1975 жылы туған азамат анықталып, ұсталды, қазір аталған дерек бойынша барлық мән-жай тергеудің толықтығын әрі жан-жақтылығын қамтамасыз ету мақсатында сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Айта кетейік, күдікті психоневрологиялық диспансерде есепте тұр", – деп түсіндірді департаменттегілер.

Назар аударыңыз! Видеода зорлық-зомбылық көріністері бар! Психикалық денсаулығы тұрақсыз адамдарға, жүкті әйелдер мен 18 жасқа толмағандарға видеоны қарауға кеңес бермейміз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2047524-almaty-oblysynda-belgisiz-er-adam-aieldi-soqqyga-zyqqan-video/

pixel