Павлодарда ер адам өз қызын зорлады деген күдікке ілінді: полицейлер оны іздестіріп жатыр
Жарияланған күні:
Павлодарда туған қызына зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен ер адам іздестірілуде. Зардап шегушінің айтуынша, бұл жағдай бірнеше жыл бойы қайталанған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.
"Қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен ер адамды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады полициядан.
Ведомство мәліметі бойынша, барлық аумақтық полиция басқармасына, сондай-ақ облыс пен еліміздің шекара қызметтеріне ақпарат жіберілген.
"Қыздың анасының арызы бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп жазады басылым.
Басылым жәбірленушінің сөзіне сілтеме жасап жазуынша, әкесі тарапынан зорлық-зомбылық әрекеттері 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін жасалған. Алайда олар бұған дейін полицияға хабарласпаған.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2047670-pavlodarda-er-adam-oz-qyzyn-zorlady-degen-kudikke-ilindi-policeiler-ony-izdestirip-zatyr/