Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы кеніште екі адам қаза болды

Жарияланған күні:

Кеншінің құрал-сайманы
Кеншінің құрал-сайманы. Көрнекі фото: Adam88xx/Getty Images

"Қазақмыс" компаниясының Жамбыл облысындағы "Жайсан" кенішінде екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды компания ресми сайтында.

"Қазақмыс" компаниясы 27 қарашада Жамбыл облысындағы "Жайсан" кенішінде болған жазатайым оқиға туралы өкінішпен хабарлайды.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахтаның проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылы туған қызметкерлері (үңгушілер) ауыр жарақат салдарынан қаза болды", - делінген хабарламада.

"Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев "Жайсан" кенішінде болған жазатайым оқиғаның тексеру барысын жеке бақылауына алған.

Сондай-ақ кеніште болған жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы құрылған комиссия оқиға орнына шыққан.

"Облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы, бас мемлекеттік еңбек инспекторы Жарылқасын Айтақов бастаған комиссия құрамында ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті, жұмыс беруші "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС өкілдері бар", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков оқиға орнында жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2047775-zambyl-oblysyndagy-keniste-eki-adam-qaza-boldy/