Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда "Қыс-2023" оқу-жаттығу жиыны өткізілді

Опубликовано:

Оралдағы оқу-жаттығу жиыны
"Қыс-2023" атты оқу-жаттығу жиыны: Орал қаласы әкімдігі

Оралдағы оқу-жаттығу жиыны төтенше жағдайлардың алдын алу және жою дайындығын пысықтау мақсатында өткізіліп отыр. 23-24 қараша аралығында жергілікті сала қызметкерлері біліктілігін қайта шыңдады.

Алдымен облыстағы шұғыл ден қою жасағының саптық байқауы өткізілді. Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов пен төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов азаматтық қорғау саласындағы авариялық-құтқару құрылымдарының қысқа дайындығын тексерді.

Қалияр Айтмұхамбетов әр ауданда практикалық іс-қимылдарды пысықтау үшін жеке міндеттер қойды.

Кейін электр сиреналарын іске қосу арқылы ескерту жүйесіне техникалық тексеріс жүргізілді. Бұл шара бірыңғай дабылға тұрғындардың назар аудару тәртібін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Кез келген апат кезінде шұғыл әрекет ету үшін алдымен бұл тәсіл өте маңызды. Қауіпсіздік қағидасы арқылы әркім өзін ғана емес, өзгені де қорғап қала алады, дейді мамандар.

Оқу-жаттығу кезінде
Оқу-жаттығу кезінде. Фото: Орал қаласы әкімдігі

Бұдан соң облыс аумағында 66 тактикалық арнайы оқу-жаттығу болды. Соның ішінде азаматтық қорғау жүйесінің құрылымдары толассыз қар жауған және боран соққан кездердегі іздестіру жұмыстарына, құтқару авиациясын тарта отырып, түрлі нысандарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылды.

Ал коммуналдық қызмет мамандары электр, жылу, су, газ желілерінде болған техникалық апаттарды жою шараларын тәжірибе жүзінде көрсетті. Ол дайындық үлгісі алдыңғы жылдарда болған оқиғалар есепке алына отырып жасақталған.

Жиын барысында 425 шақырым автожолдың бойындағы қар көп жиналатын 187 учаске қатаң бақылауға алынды. Ол аумақта 19 жылыту және медциналық құтқару пункттері дайындалған.

"Облыстағы оқу-жаттығу жиынына 785 адам мен 375 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда аймақ бойынша қысқы мерзімдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарына 2480 адам мен 955 бірлік техника дайын", - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметте.

Айта кетейік, оқу-жаттығуды басқару штабы Петропавл қаласында орналасты. Мұндай дайындық жұмыстары әр өңірде өткізіліп, елдегі барлық тиісті құрылымдардың шеберлігі сараланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2048289-oralda-qys-2023-oqu-zattygu-ziyny-otkizildi/

pixel