Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза болды

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға болған жер. Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматыда 30 қарашада хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адам қаза болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 30 қарашада сағат 05:33-те Алматы қаласы Ади Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келді. 1-қабаты және жертөлесі жатақханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінің жануы анықталды.

Алдын ала ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрады.

"Қабылданған шаралармен өрт 06:22-де жойылды. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес өртті барлау және сөндіру барысында 13 адам қаза тапты, олардың жеке басы анықталуда. Көміртегі тотығымен уланған", - делінген хабарламада.

Өрт болған жерге Алматы қаласы ТЖД 46 адам және 13 бірлік техника жұмылдырылды.

ТЖД өрт пен қаза болудың себебі анықталып жатқанын, ақпарат түсуіне қарай толықтырылатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2048317-almatyda-turgyn-uilerdin-birinen-ort-sygyp-13-adam-qaza-boldy/

pixel