Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы ТЖД бастығы: Өрт шыққан хостелде шетел азаматтары да тұрған

Опубликовано:

Нұрлан Атығаев
Нұрлан Атығаев. Фото: KAZ.NUR.KZ

Өрт шыққан хостелде Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары да тұрған. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаев хостел әкімшілігі өкілінің сөзіне сүйеніп мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қалалық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев оқиға орнында БАҚ өкілдеріне түнде болған өрт бойынша пікір білдірді.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдары жедел басқару орталығына Әди Шәріпов көшесі 86-үйде орналасқан Almaty hostel-де өрт шыққаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Оқиға орнына бірден 13 бірлік техника мен жеке құрамнан 46 адам жіберілді. Олар оқиға орнына жеткен уақытта, 7 минуттан соң жатақхананың бірінші қабаты қатты түтіндеп жатқаны анықталды. Хостелге айналдырылған жертөледегі өртті сөндіру кезінде 59 адам өздігінен эвакуцияланғаны белгілі болды, алдын ала мәлімет бойынша шамамен 72 адам тұрған, 13 адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта тергеу тобы олардың жеке басын анықтауда. Өрттің себебі де анықталуда", - деді ТЖД бастығы.

БАҚ өкілдері Нұрлан Атығаевтан хостелде шетел азаматтары тұрған-тұрмағанын сұрады.

"Хостел әкімшілігінің сөзіне сүйенсек, мұнда шетел азаматтары атап айтқанда Өзбекстан, Қырғызстан азаматтары және ел азаматтары тұрған", - деп жауап берді Нұрлан Атығаев.

Оның айтуынша, әзірге адамдардың жеке тұлғасы анықталған жоқ, өйткені өрт кезінде адамдар ұйықтап жатқандықтан үстінде киімі болмаған.

ТЖД бастығының сөзіне сүйенсек, 13 қараша мен 27 қараша аралығында республика бойынша "Жатақхана" акциясы болған. Онда Алматы бойынша 300-дей жатақханаға профилкатикалық жұмыстар, яғни, тұрғындарға ескерту парағы таратылып, өрт қауіпсіздігін сақтау туралы ақпарат берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2048340-almaty-tzd-bastygy-ort-syqqan-xostelde-ozbekstan-qyrgyzstan-azamattary-da-turgan/

pixel