jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Хостелде қаза тапқандардың отбасына Алматы әкімдігі қандай көмек көрсетеді

    хостел
    Хостел. Фото: KAZ.NUR.KZ

    Хостелде қаза тапқандардың отбасына көрсетілетін көмек хабарланды. Марқұмдардың денесін Алматы аумағында жерлеуге және көрсетілген жерлерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға Алматы әкімдігі жәрдемдесетін болды. Бұл туралы әкімдік баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

    Алматы әкімдігінің таратқан мәліметіне сүйенсек, өртте зардап шеккендер мен эвакуацияланғандарды қолдаудың барлық шарасы қабылданған. Жедел түрде уақытша баспана берілді, тамақтану ұйымдастырылды, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі.

    "Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денелерін көрсетілген жерлерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға жәрдемдесетін болады. Бұдан басқа жерлеу процесін қоса алғанда, Алматы қаласының аумағында жерлеуді ұйымдастыруға жәрдем толық көрсетіледі", - делінген әкімдік хабарламасында.

    Жерлеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша қаза тапқандардың туыстары үшін жедел желі іске қосылды. Олар мына байланыс нөмірлеріне жүгіне алады:

    + 7 707 779 07 08

    +7 777 312 08 08

    Сондай-ақ Алматы әкімдігі өкілдері өрт салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтатынын хабарлады.

    Хостелде қаза тапқандардың отбасына Алматы әкімдігі қандай көмек көрсетеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.