Астанадағы сауда орталықтарының бірінің маңынан ер адамның денесі табылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін таңертең елордадағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінің жанынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері зорлық-зомбылық белгілері жоқ 51 жастағы ер адамның денесін тапты.
"1 желтоқсанда сағат 08:20 шамасында "102" арнасына "Азия Парк" сауда үйінің маңында ер адамның денесі табылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына жеткенде дерек расталды", - делінген ведомство хабарламасында.
ПД бұл факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.
Шамамен екі апта бұрын ақтаулық полицейлер ықшамаудандардың бірінде 43 жастағы ер адамның денесі табылғанын хабарлаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2048738-astanadagy-sauda-ortalyqtarynyn-birinin-manynan-er-adamnyn-denesi-tabyldy/