Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде тұрғын үйдің баспалдағы опырылып, бір әйел зардап шекті (фото)

Опубликовано:

баспалдақ
Баспалдақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде тұрғын үйдің баспалдағы опырылып, бір адам зардап шекті. Ол қалалық ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Басылым жазуынша, оқыс жағдай қаладағы Гагарин көшесінде орналасқан тұрғын үйде болған. Сол үйдің тұрғындардың бірі төмен түсіп келе жатқанда баспалдақ опырылып, құлаған.

"Жұмысқа бара жатыр едім, опырылған баспалдақпен бірге құлап түстім. Қорқып кеттім, себебі өкпемді зақымдап алдым деп ойладым. Шоктан ба, қатты соққыдан бар тыныс алуым қиындай түсті. Кейін сол аяғыма бірдеңе болғанын түсіндім. Айқайлай бастадым, көршілер жүгіріп шығып жедел жәрдем шақырды", - дейді зардап шеккен әйел.

зардап шеккен әйел
Зардап шеккен әйел. Фото: diapazon.kz

Оның сөзінше, жәдел жәрдем шақырудан жарты сағат өткенде келген. Сөйтіп, жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына алып кеткен.

Ал сол үйдегі екінші қабаттың тұрғындары енді қалай сыртқа шығатынын білмейтінін айтады.

"Енді біз жұмысқа, балалар мектепке бара алмайтын болды", - дейді екінші қабатта тұратын тұрғын.

Баспалдағы опырылған үй тұрғындары
Баспалдағы опырылған үй тұрғындары. Фото: diapazon.kz

Басылым мәліметінше, аталған үйдің тұрғындары бұрын да көмек сұрап, жүгінген. Олардың айтуынша, кей жерлері қаусап тұрған баспалдақпен жүру қорқынышты болатын. Сондай-ақ тұрғындар ғимаратта шатыр мен электр қуатына қатысты да проблема барын атап өткен.

Ал әкімдіктегілердің хабарлауынша, олар 2020 жылы Гагарин көшесінде орналасқан үйдің тұрғындарына үйді техникалық сараптамадан өткізуге көмектескен. Нәтижесінде үй ішінара апатты жағдайда деп танылған. Сол кезде тұрғындарға терможаңғырту ұсынылған, алайда олар келіспеген.

"Тұрғын үй инспекциясынан мамандар бірден оқиға орнына шықты. Тұрғындармен әкім кездесті. Баспалдаққа қатысты мәселені шешіп жатырмыз. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мамандарды шақырдық. Олар жаңа баспалдақты екі күннің ішінде жасап, бітіруді жоспарлап отыр. Бұрынғысының тірегі ағаштан болса, бұл жолы темірден болады", - дейді қала әкімнің баспасөз хатшысы Айгүл Байменова.

баспалдағы опырылған үй
Баспалдағы опырылған үй. Фото: diapazon.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2049308-aqtobede-turgyn-uidin-baspaldagy-opyrylyp-bir-aiel-zardap-sekti-foto/

pixel