Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мектеп автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты (видео)

Опубликовано:

жол апаты болған жер
Жол апаты болған жер. Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

Алматыдағы Жангелдин көшесінде мектеп автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнынан түсірілген видео Telegram-дағы Kris_p_almaty арнасында жарияланды. Видеодан жеңіл көлік пен сары автобустың соқтығысқанын көруге болады. Екі көліктің де алдыңғы жағы бүлінген.

Алматы ПД мәліметінше, жол апаты 5 желтоқсанда Жетісу ауданындағы Жангелдин көшесінде болған.

"Toyota көлігі мен автобус соқтығысты. Жол апаты салдарынан ешкім зардап шекпеді", - деді қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Жол апаты фактісін Жетісу ауданының полиция қызметкерлері тіркеген.

Естеріңізге сала кетейік, қарашаның соңында Қарағандыда екі автобус соқтығысып, жеті адам ауруханаға жеткізілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2049419-almatyda-mektep-avtobusy-men-zenil-kolik-soqtygysty-video/

pixel