Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бір аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Опубликовано:

Арнайы белгі
Арнайы белгі. Көрнекі фото: evgeny_pylayev / Getty Images

Алматыда осыдан бір аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жедел іздестіру іс-шаралары барысында 29 қарашада үйінен шығып кетіп, оралмаған, із-түзсіз жоғалған 1989 жылы туған Тимур Поповтың денесі табылған.

Құрылған жедел-іздестіру тобы жедел түрде марқұмның жүру бағытын анықтаған, ол таксимен Талғар қаласына барған.

"Бүгін, 7 желтоқсанда сағат 11:00-де полиция қызметкерлері жоғалған азамат әйеліне телефон арқылы "SOS" дабылын жіберген жерден 1,5 шақырым жерде орналасқан "Талгарка" өзенінің арнасына тексеру жүргізді. Іздеу нәтижесінде судан жоғалған ер адамның денесі табылды.

Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді полиция өкілдері.

Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2049631-almatyda-bir-aptadan-astam-uaqyt-buryn-zogalyp-ketken-er-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel