Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да жол жиегінде дөңгелек ауыстырған екі жолаушыны көлік қағып кетті

Опубликовано:

Көлік дөңгелегі
Көлік дөңгелегі. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 8 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысындағы тасжолда көлік дөңгелегін ауыстырған екі ер адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметіндегілер таратқан ақпарат бойынша, қайғылы оқиға 8 желтоқсанда сағат 08.42-де Орал-Атырау автожолындағы қалалық зиратқа қарама-қарсы тұста болған.

"Toyota Ipsum жүргізушісі жылдамдық режимін асырып, "қауіпті бұрылыс" белгісінің талаптарын сақтамай, дөңгелекті ауыстыру үшін жүргізушісі тоқтаған жол жиегіндегі Opel автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Opel жанындағы екі ер адам (жүргізуші мен жолаушы) жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза болды", - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің өкілдері.

Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Полиция жүргізушілерді жол ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және жолдарда сақ болуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2049892-bqo-da-zol-zieginde-dongelek-auystyrgan-eki-zolausyny-kolik-qagyp-ketti/

pixel