Оралдағы мектеп әжетханасында жасөспірімді ұрып-соғу сәті түсірілген видео жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде Оралдағы мектептің дәретханасында түсірілген видео тарады. Видеодан бір оқушы екіншісін аяусыз ұрып жатқанын көруге болады. Жәбірленушінің ата-анасының айтуынша, күдіктілер баланы зорлық-зомбылық жасаймыз деп бопсалаған, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Портал мәліметіне сүйенсек, оқиға 13 қарашада таңертең Оралдағы орта мектептің спорт залының дәретханасында түсірілген.
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ақпараты бойынша, 9-сынып оқушысы 8-сынып оқушысын қорлаған. Ал үшінші жасөспірім мұны видеоға түсіріп тұрған.
Жәбірленушінің ата-анасы бұған дейін ұл бала буллингке ұшырағаны туралы шағым түсірмегенін айтты. Бірақ бала соққыға жығылғаны түсірілген видео желіде жарияланған соң ол бәрін мойындаған.
Жәбірленушінің ата-анасының сөзіне сенсек, қатарластары оқушыны ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылықпен бопсалап келген. Сөздерін растау үшін олар мектеп оқушылары өзара алмасқан хаттарын көрсеткен.
Желтоқсанның 6-сы олар мектеп әкімшілігіне жүгініп, шара қолдануды талап еткен. Оқушылармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Кейін сол күні оқиғаға қатысты ақпарат БҚО полиция басқармасына жіберілді. Күдіктілердің ата-анасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 435-бабы (Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық) бойынша жауапқа тартылды.
Аталған жайтты видеоға түсірген оқушының ата-анасына бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, портал дерегінше, жәбірленушінің отбасы оның психологиялық жағдайына алаңдаулы. Олардың сөзінше, оқушы есеңгіреп, көпшіліктен қорқып қалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2049955-oraldagy-mektep-azetxanasynda-zasospirimdi-uryp-sogu-sati-tusirilgen-video-zariyalandy/