Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдағы мектеп әжетханасында жасөспірімді ұрып-соғу сәті түсірілген видео жарияланды

Опубликовано:

Төбелесіп жатқан адамдар
Төбелес. Көрнекі фото: mrohana/Getty Images

Желіде Оралдағы мектептің дәретханасында түсірілген видео тарады. Видеодан бір оқушы екіншісін аяусыз ұрып жатқанын көруге болады. Жәбірленушінің ата-анасының айтуынша, күдіктілер баланы зорлық-зомбылық жасаймыз деп бопсалаған, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Портал мәліметіне сүйенсек, оқиға 13 қарашада таңертең Оралдағы орта мектептің спорт залының дәретханасында түсірілген.

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ақпараты бойынша, 9-сынып оқушысы 8-сынып оқушысын қорлаған. Ал үшінші жасөспірім мұны видеоға түсіріп тұрған.

Жәбірленушінің ата-анасы бұған дейін ұл бала буллингке ұшырағаны туралы шағым түсірмегенін айтты. Бірақ бала соққыға жығылғаны түсірілген видео желіде жарияланған соң ол бәрін мойындаған.

Жәбірленушінің ата-анасының сөзіне сенсек, қатарластары оқушыны ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылықпен бопсалап келген. Сөздерін растау үшін олар мектеп оқушылары өзара алмасқан хаттарын көрсеткен.

Желтоқсанның 6-сы олар мектеп әкімшілігіне жүгініп, шара қолдануды талап еткен. Оқушылармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Кейін сол күні оқиғаға қатысты ақпарат БҚО полиция басқармасына жіберілді. Күдіктілердің ата-анасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 435-бабы (Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық) бойынша жауапқа тартылды.

Аталған жайтты видеоға түсірген оқушының ата-анасына бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, портал дерегінше, жәбірленушінің отбасы оның психологиялық жағдайына алаңдаулы. Олардың сөзінше, оқушы есеңгіреп, көпшіліктен қорқып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2049955-oraldagy-mektep-azetxanasynda-zasospirimdi-uryp-sogu-sati-tusirilgen-video-zariyalandy/

pixel