Қостанайда ғимарат опырылып, жеті адам үйінді астында қалды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚостанайда газдың жарылуы салдарынан ғимарат опырылып, жеті адам үйінді астында қалды. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады "Қостанай жаңалықтары" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті 11 желтоқсан күні сағат 12.36-да Қостанай қаласы Энергетиктер көшесі 1 мекенжайындағы Амангелді тұрғын алабында газ-ауа қоспасы жарылғанын хабарлады. Салдарынан бір қабатты ғимарат толығымен опырылып, 7-ге жуық адам үйінді астында қалып қойған.
Қазіргі уақытта төтенше жағдай орнында Қостанай облысы әкімінің жетекшілігімен жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2050251-qostanaida-gimarat-opyrylyp-zeti-adam-uiindi-astynda-qaldy-video/