Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда оқушы қызға интимдік хабарлама жазды деген күдікпен 19 жастағы жігіт ұсталды

Опубликовано:

Кәмелетке толмаған қыз
Жасөспірім қыз. Көрнекі фото: SB Arts Media/Getty Images

Маңғыстауда тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған оқушы қызға интимдік сипаттағы хабарлама жазды деген күдікпен 19 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап жазуынша, жәбірленуші қыздың анасы бірнеше күн бұрын полицияға жүгінген болатын.

Әйелдің айтуынша, белгісіз адам WhatsApp мессенджері арқылы оның 10 жасар қызына интимдік хабарламалар жазған.

Қазіргі уақытта полицейлер 19 жастағы жігітті ұстады.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс) Мұнайлы ауданы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі ПБ-да тіркелді.

Полицейлердің ақпараты бойынша, қазір тергеу жүріп жатыр, басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2050332-mangystauda-19-zastagy-er-adam-10-zastagy-oqusy-qyzga-alymsaqtyq-korsetti-degen-kudikke-ilindi/

pixel