Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да ауыл әкімдігінің ғимараты өртеніп кетті (видео)

Опубликовано:

Өртенген әкімдік ғимараты
Өртенген әкімдік ғимараты. Фото: instagram.com/sko_gazeta

СҚО Мамлют ауданы Воскресеновка ауылында ауыл әкімдігінің ғимараты өртеніп кетті - куәгерлер өртті видеоға түсіріп алды. Өңірлік ТЖД өкілдері оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Оқиға орнында түсірілген кадрлар Instagram-да sko_gazeta паблигінде жарияланды. Автор бұл оқиға 12 желтоқсанда, сейсенбіге қараған түні болғанын айтты.

Оның айтуынша, Воскресеновка ауылдық әкімдігіндегі өрттің салдарынан елді мекен толығымен қуатсыз қалған. Жарияланған кадрларда өртке оранған ғимарат көрсетіледі.

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин болған оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді, деп жазады "ҚазАқпарат" ХАА.

Оның айтуынша, алдымен өрт сөндіру бөлмесі өртеніп, кейін өрт әкімдіктің ғимаратына тараған.

"Бұл ағаштан салынған 1960-жылдардағы құрылыс. Шатыры толығымен жанып кетті. Сөндіру барысында материалдық құндылықтар эвакуацияланды", - деп түсіндірді Растихин.

Өрт сөндіріліп, қазіргі уақытта себептері анықталып жатыр екен. Алдын ала себебі деп пешті жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу аталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2050433-sqo-da-auyl-akimdiginin-gimaraty-ortenip-ketti-video/

pixel