Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан ер адам қаза тапты

Опубликовано:

Оқиға орны
Шымкентте тұрғын үйден өрт шықты. Фото: instagram.com/ktga_shymkent

Шымкент қаласы Қызылжар шағын ауданындағы тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан үй ішінен шыға алмай қалған 1994 жылғы ер адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Компания мәліметінше, қайғылы оқиға 2023 жылғы 14 желтоқсанда түскі сағат 11-де болды. Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

"Алдын ала мәлімет бойынша, қазандықтың электр тұрақтандырғышы немесе жылыту қазандығының жанындағы электр сымдары жанып, газ пешін балқытып, газдың ауаға тарауына себеп болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Газ қызметінің мамандары тұтынушыларды табиғи газды пайдалану кезінде тағы да өте мұқият болуға шақырды. Ол үшін:

  • тұрғын үйді газға өз еркімен қосуға болмайды;
  • "ҚазТрансГаз Аймақ" мамандарының келісімінсіз газбен жабдықтау схемасына өзгерістер енгізбеу керек;
  • егер бөлмеде газдың иісі сезілсе, көгілдір отынды пайдаланбаңыз, газ бұрандасын жауып, терезелерді ашыңыз, 104 нөмірі арқылы мамандарды шақыру қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2050884-symkentte-turgyn-uide-syqqan-ort-saldarynan-er-adam-qaza-tapty/

pixel