Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Денесінің 75 пайызын күйік шалған": Қостанайдағы тандырханада газ баллоны жарылды

Опубликовано:

Қостанайдағы жарылыс сәті
Қостанайдағы жарылыс сәті. Фото: t.me/kostanaynews

Қостанайдағы мекемеде газ жарылысы болды. Өңірлік ТЖД бастығы "қауіпсіздік шараларын өрескел бұзуға" жол берілгенін хабарлады, деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы.

Рабочая көшесіндегі тандыр пісіретін мекемеде газ-ауа қоспасының жарылысы болғаны хабарланды. Бұл туралы хабарлама бүгін сағат 18.50-де түскен.

"Бұл жағдайда қауіпсіздік шараларын өрескел бұзуға жол берілді. Ер мен әйел тандыр пешін жаққан. Содан кейін суық гараждан алты баллон газ әкелініп, пешке сүйеп қойған. Алғашқы жарылыс естілгеннен кейін, әйел аздап күйіп қалды, ер адам оны итеріп шығарып, өзі қалған.

Содан кейін тағы бір баллон жарылған, кейін өрт сөндіру кезінде тағы екеуі жарылған. Қалған екі баллон жарылыс толқынымен ұшқан. Әйелдің өзі осылай түсіндірді, ол да қалалық ауруханаға жеткізілді. Жақын жерде орналасқан ғимараттар бүлінген жоқ, өртсөндірушілер де зардап шеккен жоқ", - деп түсіндірді Қостанай облысы бойынша ТЖД бастығы Қайрат Қасым.

Жарылыстан кафенің бүкіл аумағы өртенгені айтылады - 20 ш. м. аумақ 19:16-да өрт оқшауланды. Сағат 19.40-та сөндірілді. ТЖД келгенге дейін сатушының көмекшісі ауруханаға жатқызылған. Оның денесінің 70-75 пайызын күйік шалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2050924-qostanaidagy-tandyrxanada-gaz-ballony-zaryldy/

pixel