Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жүкті әйел ауруханада көз жұмды

Опубликовано:

Жүкті әйел
Жүкті әйел. Көрнекі фото: pexels.com

Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны ауруханаға түскеннен кейін жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ол жүктіліктің 36 аптасында болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым жазуынша, қайтыс болған әйел 29 жаста болған. Марқұмның артында бір жасар сәбиі қалды.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының журналистерге берген ақпараты бойынша, пациент 5 желтоқсанда жіті фарингит диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Облыстық полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, өлімге қатысты тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Еуропалық медициналық орталығының сайтындағы мәліметіне сүйенсек, фарингит – жұтқыншақ шырышты қабығының қабынуы. Өздігінен сирек туындауы мүмкін (әсіресе балаларда), көбіне ол ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекция), ЖРА (жедел респираторлық ауру), тұмаудың, Эпштейн-Барр вирусының және т.б. салдарынан пайда болады. Фарингит сондай-ақ бактериялық инфекциядан туындауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2050959-atyrauda-zukti-aiel-auruxanada-koz-zumdy/

pixel