Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да 25 жолаушы мінген автобус жыраға түсіп кетті (видео)

Опубликовано:

Оқиға орнында
Жыраға түсіп кеткен автобус. Видеодан кадр: pkzsk.info

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында 25 адам мінген жолаушылар автобусы жол жиегіндегі жыраға түсіп кетті, деп хабарлайды Petropavlovsk.news.

Басылым мәліметінше, автобус Петропавлдан Имантауға бет алған.

СҚО полиция департаменті өкілдері өкілдері журналистерге хабарлағандай, бір жолаушы жарақат алып, оқиға орнынан Қызылжар аудандық ауруханасына жеткізілді.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, 54 жастағы жүргізуші тізгінге ие бола алмай, автобус жыраға түсіп кеткен.

Еске сала кетейік, өткен аптада Алматыда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі бетпе-бет соқтығысқан болатын. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2051383-sqo-da-25-zolausy-mingen-avtobus-zyraga-tusip-ketti-video/

pixel