Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында мұз астына түсіп кеткен баланың денесі табылды

Опубликовано:

мұз1
Көрнекі фото: pixabay.com

Абай облысы Үржар ауданында мұз астына түсіп кеткен баланың денесін еріктілер тапты, деп хабарлайды ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында.

Ведомство мәліметінше, бүгін Үржар ауданында екі бала Қаракөл өзеніне ойнауға барған. Баланың бірі суға батып кеткен.

Бала су астына түскеннен 3 сағат өткен соң, жергілікті еріктілер баланың денесін тапты. Баланы табу үшін қолмен ойықтар жасалды.

"Баланың денесі құлаған жерден 75 метр қашықтықта табылды. Полиция департаменті марқұмның отбасына көңіл айтады және азаматтардан өз өміріне қауіп төндірмеуін және мұзға шықпауын сұрайды", - деді Үржар полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Ролан Оразғалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2052200-abai-oblysynda-muz-astyna-tusip-ketken-balanyn-denesi-tabyldy/

pixel