Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы "Хан шатыр" сауда орталығынан адамдар қауіпсіз жерге шығарылды (видео)

Опубликовано:

Қауіпсіз жерге шығып жатқан адамдар
Қауіпсіз жерге шығып жатқан адамдар. Видеодан кадр: : t.me/qumash_kz

Әлеуметтік желіде Астанадағы "Хан шатыр" сауда және ойын-сауық орталығынан адамдардың қауіпсіз жерге шығарылып жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратқа қатысты Астана қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметінің өкілдері пікір білдірді.

ТЖД мәліметінше, 23 желтоқсанда сағат 14.00-де Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37 мекенжайындағы "Хан шатыр" сауда және ойын-сауық орталығынан келіп түскен өрт хабарламасы бойынша оқиға орнына шыққан.

Өрт сөндірушілер келген соң 5 минут ішінде артқы кіретін жақтан қою қара түтіннің шығып жатқанын, 10 шаршы метр аумақта трансформаторлық қосалқы станцияның және 0-ші қабаттағы кабельді шахтаның өртеніп жатқанын анықтаған.

"Өрттің таралу қаупі жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген ТЖД хабарламасында.

ТЖД өкілдері оқиға орнында өртті сөндіру үшін жеке құрамнан 66 адам және Астана қаласы ТЖД-ның 14 техникасы жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2052279-astanadagy-xan-satyr-sauda-ortalygynan-adamdar-qauipsiz-zerge-sygaryldy/

pixel