Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі зардап шекті

Опубликовано:

Жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қостанай облысында кеше жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тапты. Тағы бес адам әртүрлі жарақат алған, деп хабарлайды "Алау".

Өңірлік полиция департаментінің порталға берген ақпаратына сәйкес, кеше "Алматы-Қостанай-Екатеринбург" тасжолында Станционный ауылы маңында SsangYong Musso көлігін басқарған 72 жастағы жүргізуші "КамАЗбен" соқтығысқан.

"Соққыдан SsangYong айналып кетіп, оны Lada Granta соқты. Соқтығыс салдарынан SsangYong жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында алған жарақатынан қаза тапты", - делінген хабарламада.

Портал ақпаратынша, SsangYong көлігінің тағы үш жолаушысы ауруханаға жеткізілген. Одан бөлек, Lada Granta жүргізушісі мен екі жолаушысы зардап шеккен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, сараптамалар тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2052314-qostanai-oblysynda-zantursigerlik-zol-apatynan-eki-adam-qaza-tauyp-tagy-beseui-zardap-sekken/

pixel