Павлодар облысында трактор жүргізушісі атқа мінген адамды басып кетіп, мерт қылды
Жарияланған күні:
Павлодар облысында бір тәулікте адамдар қаза тапқан екі жол апаты орын алды. Бірінші жол-көлік оқиғасы бойынша атқа мінген ер адамды трактор жүргізушісі басып кетіп, мерт қылды. Екіншісінде Toyota Land Cruiser жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
24 желтоқсанда Белов-Қалқаман автожолының 18 километрінде Toyota Land Cruiser - 100 маркалы автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні басып кетті. Тұрғын алған жарақаттарынан көз жұмды.
"Сол күні Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің жазық даласында МТЗ-92 маркалы трактордың жүргізушісі мас күйінде алдыңғы күрегімен жұмыс істеп жатқанда өтіп бара жатқан атқа мінген адамды қағып кетті. Апат салдарынан ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты", -делінген хабарламада.
Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі жол-көлік оқиғалары бойынша тергеу басталғанын, көлік құралдары мамандандырылған айыппұл тұрақтарына қойылғанын мәлім етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2052521-pavlodar-oblysynda-traktor-zurgizusisi-atqa-mingen-adamdy-basyp-ketip-mert-qyldy/