Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тілсіз жаумен күрескен өрт сөндіруші қаза тапты

Жарияланған күні:

Қайтыс болған өртсөндіруші Уәли Әділет Аянұлы
Қайтыс болған өртсөндіруші Уәли Әділет Аянұлы. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қарасай ауданындағы екі қабатты жекеменшік үйдегі тілсіз жаумен күрес кезінде өртсөндіруші қаза тапты - қайғылы оқиға кеше кешке болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ТЖМ-нің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"25 желтоқсанда сағат 16.56-да Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру есептоптары Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы өртті сөндіруге шықты.

Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қаза болды", - делінген хабарда.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр.

"ТЖМ Әділет Аянұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ол сауатты, өз ісінің маманы ретінде мәңгі есімізде қалады", - деп көңіл айтты марқұмның әріптестері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2052588-almatyda-tilsiz-zaumen-kuresken-ort-sondirusi-qaza-tapty/