Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысындағы боран: электршілер мінген көлікті жел ұшырып әкетті (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жолдан шығып кеткен көлік
Жолдан шығып кеткен көлік. Видеодан кадр: kstnews.kz

Қостанай облысында қарлы боран жолдардағы көлік қозғалысына кедергі келтіруде. Мысалы, қатты жел салдарынан электршілер мінген көлік жолдан шығып кеткен, деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы.

Басылым жазуынша, электршілер бригадасы боранды күні қиын жағдайға тап болған. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды.

"Бұл жел салдарынан жолдан шығып кеткен электршілер бригадасы. Мұндай ауа райы кезінде бір нәрсені жөндеу қиын, әрі қауіпті. Бұл қарапайым адамдар. Циклон біткенше, қалпына келтіру жұмыстарына асықпауды сұраймын.

Қазір төтенше жағдай штабының күші денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайларға жол бермеуге және адам өлімінің алдын алуға жұмылдырылған. Шүкір, аяз жоқ, үйлерде ешкімге қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ тәртіпке бағынбай, елді мекендерден алыс жүрген адам да көп", - дейді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қайрат Қасым.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан өңірде 103 елді мекенде жарық жоқ.

Айта кетейік, Қостанайдағы боран салдарынан бүгін таңертең бір уақытта 10 көлік соқтығысып қалып, бір адам ауруханаға жеткізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2052753-qostanai-oblysynda-qatty-zel-saldarynan-elektrsiler-mingen-kolik-zoldan-sygyp-ketti-video/