Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайдағы боран: бір уақытта 10 көлік соқтығысып қалды (видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Жол апаты. Видеодан кадр: Қостанай облыстық ПД

Бүгін таңертең Қостанайда жаппай жол апаты болып, салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Қостанай облыстық ПД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 желтоқсанда таңертең сағат 11.10 шамасында Қостанайда 10 көлік соқтығысқан ірі жол апаты тіркелген. Жол-көлік оқиғасы Абай даңғылындағы сауда үйлерінің бірінің маңында болған.

Оқиға орнынан бір адам медициналық мекемеге жеткізілген.

ПД баспасөз қызметінің өкілдері қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ Қостанай облысының полицейлері өңірде екінші күн ауа райының нашарлауына (кеше жаңбырдың соңы боранға ұласып, жолдар көктайғаққа айналған) байланысты жүргізушілерге үндеу жасады.

Тәртіп сақшылары төтенше оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысының барлық қатысушысына, атап айтқанда жүргізушілерге ТЖ хабарламаларын ескеріп, алыс сапарларға шықпауға және автокөліктер арасындағы қашықтық, жылдамдық режимін қатаң сақтауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2052707-qostanaida-boran-bir-uaqytta-10-kolik-soqtygysyp-qaldy/

pixel