Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында бұралқы иттер оқушы баланы талап тастай жаздады (видео)

Опубликовано:

Алматы облысында оқушыны қапқан бұралқы иттер
Алматы облысында оқушыны қапқан бұралқы иттер. Фото: instagram.com/kris_p_talgar

Әлеуметтік желілерде Талғарда қаңғыбас иттер жасөспірімге шабуыл жасағаны түсірілген видео жарияланды. Бұл оқиғаға туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеоны Kris_p_talgar Instagram-паблигі жариялады. Кадрлардан ойын алаңындағы қаңғыбас иттердің рюкзак таққан жасөспірімге шапқаны көрінеді. Бұралқы иттерден қашқан бала көлікке шығып алған. Видеода он шақты ит бар.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне бүгін, 27 желтоқсанда "Алматы облысының ветеринария басқармасы" ММ Талғарда қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарын жүргізгенін хабарлады.

"Алдын алу шаралары барысында ветеринарлық станциядағы уақытша ұстау изоляторына орналастырылған бес ит ауланды. Бір жыл ішінде Талғар қаласында 330 қаңғыбас ит ауланды", - деді ведомстводағылар.

Әкімдік өкілдері жасөспірім медициналық мекемелерге жүгінбегенін және видеодағы оқиға бойынша арыз-шағым түспегенін хабарлады.

"Қаңғыбас иттерді аулаумен арнайы бригада айналысады, жеке және заңды тұлғалардың кестесі мен өтінімдеріне сәйкес жұмыстар жүргізіледі. Осы мәселе бойынша мына телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады +7 (771) 466 91 70", - баспасөз қызметіндегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2052954-almaty-oblysynda-buralqy-itter-oqusy-balany-talap-tastai-zazdady-video/

pixel