Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстанда орталық алаңда тұрған шырша өртеніп кетті (видео)

Опубликовано:

Бескөлде өртенген шырша
Бескөлде өртенген шырша. Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі

Бүгін кешке Қызылжар ауданындағы Бескөлде орталық алаңда тұрған жаңажылдық шырша өртеніп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарына қарағанда, 27 желтоқсанда сағат 18:40-та Қызылжар ауданы Бескөл ауылында Гагарин көшесі, 11 мекенжайы бойынша орталық алаңда шырша өртеніп кеткен.

"4 шаршы метр аумақта өрт сөндіру қызметі келгенге дейін сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, алдын ала себеп - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. СҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің күштері (жеке құрамның 6 адамы және 2 техника) жолға шықты", - деді СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

Бескөлдегі шырша 25 желтоқсанда салтанатты түрде ашылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2052973-soltustik-qazaqstanda-ortalyq-alanda-turgan-syrsa-ortenip-ketti-video/

pixel