Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жасөспірім петарда атамын деп көзін жарақаттап алды

Опубликовано:

петарда
Петарда. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде 15 жастағы жасөспірім көз жарақатымен емханаға жүгінген. Ол үйінің ауласында петарда жармақ болғанда жарақат алғанын айтқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақтөбе облыстық ПД өкілдеріне сілтеме жасап.

Құзырлы органның баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, жаңажылдық мереке қарсаңында (25 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығы) республикалық "Пиротехника" жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр.

Ол қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және заңсыз айналымдағы және сертификаты жоқ пиротехникалық бұйымдарды алып қоюға бағытталған. Ведомство оларды дұрыс пайдаланбау жазатайым оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Мәселен, Ақтөбедегі офтальмологиялық орталықтардың біріне 2008 жылы туған бала жүгінген. Ол үйінің ауласында ойнап жүргенде көзін жарақаттап алған. Жарақаттың себебі "бомбочка" түріндегі отшашудың жарылуы болған.

Өңірлік полиция департаменті өкілдері тиісті лицензиялары мен рұқсаттары жоқ тұлғаларға ашық павильондарда, автомобильдерде, шатырларда пиротехникалық бұйымдарды сатуға қатаң тыйым салынатынын қатаң ескерткен.

Сондай-ақ полицейлер мұндай фактілер анықталған жағдайда ӘҚБтК-нің 196-бабына (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Айта кетейік, бұл бап бойынша, еркін саудаға тыйым салынған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау 25 АЕК (86 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2053125-aqtobede-zasospirim-otsasu-atamyn-dep-kozin-zaraqattap-aldy/

pixel