Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде бір топ адам студентті ұрып-соққан видео тарады

Опубликовано:

Атырауда болған оқиға
Атырауда болған оқиға. Видеодан кадр: instagram.com/atyrauoil.official

Желіде Атырауда болған оқиғаның видеосы таралып жатыр. Кадрлардан бір топ адам студентті ұрып-соққаны көрінеді. Оқиғаға қатысты өңірлік полиция департаменті өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

KAZ.NUR.KZ тілшісіне Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері оқиға 28 желтоқсанда сағат шамамен 13.00-де болғанын хабарлады. Соққыға жығылған студент қаладағы колледждердің бірінде 1-курста оқиды. Ол 17 – жаста.

"Құқықбұзушылық жасады деген күдікпен сол оқу орнының бес студенті полиция бөліміне жеткізілді", - деді ведомстводағылар.

Аймақтық ПД мәліметінше, жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілген. Тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2053156-zelide-bir-top-adam-studentti-uryp-soqqan-video-tarady/

pixel