Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайында қағылған дабыл: жолаушы әзілдеймін деп қауіпсіздік қызметін аяғынан тік тұрғызды

Опубликовано:

Астана халықаралық әуежайы
Астана халықаралық әуежайы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана халықаралық әуежайының Авиациялық қауіпсіздік қызметі әуежай аумағында дабыл жариялауының себебін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Астанадан Алматыға КС954 рейсімен ұшқалы тұрған 44 жастағы азамат тіркеу кезінде жол жүгінде қару мен есірткі алып бара жатқанын жеткізген. Әуежай қызметкерлері бірден "қауіпті" жолаушы тұрған аймақты қоршауға алып, Мемлекеттік күзет, Ұлттық қаіпсіздік қызметі, терроризмге қарсы орталыққа жедел хабарланды", - делінген хабарламада.

Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі жолаушының қол жүгін тексеріп, жолаушыны желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырған.

Жолаушы желілік полиция қызметкерлеріне берген түсініктемесінде қол жүгінде қару мен есірткі барын әзіл ретінде хабарлағанын жеткізген. Ұлттық қауіпсіздік қызметінің нұсқамасымен Астана халықаралық әуежайында дабыл алып тасталған.

Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (дайындалып жатқан терроризм актісі бойынша жалған ақпарат тарату) бойынша 5 000 АЕК (17 млн теңгеден астам) көлемінде айыппұл төлеуге немесе 5 жылға бас бостандығынан айыруға әкеп соғатыны ескертілген әуежай хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін әуежайда дабыл қағылғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2053172-astana-auezaiynda-qagylgan-dabyl-er-adam-somkesinde-qaru-men-esirtki-baryn-aitqan/

pixel