Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда бір отбасын өлтіріп кетті деген күдіктілер ұсталды

Опубликовано:

Полицейдің белдігіндегі кісен. Көрнекі сурет
Полицейдің белдігіндегі кісен. Көрнекі сурет. Фото: Friso Gentsch/picture alliance via Getty Images

Петропавлда бір отбасын өлтіріп кетті деген күдіктілер ізін суытпай ұсталды. Олар қамалып, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы СҚО ПД өкілдері хабарлады.

Полицейлердің хабарына қарағанда, 28 желтоқсанда сағат 13.25-те денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар үш адам өлі табылғаны туралы телефон хабарламасы түскен. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (Екі және одан да көп адамды өлтіру) бойынша тіркелген.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығының 2 тұрғынын жедел анықтап, ұстаған.

"Күдіктілер Петропавл қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және әділ зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Іс Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен полиция департаментінің бақылауында екені айтылады. Алайда Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2053210-petropavlda-bir-otbasyn-oltirip-ketti-degen-kudiktiler-ustaldy/

pixel