Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішінде бала болған": Алматыдағы шағынаудандардың бірінде времянка өртенді

Опубликовано:

Өртенген времянка
Оқиға орны. Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматыда шағынаудандардың бірінде өртеніп жатқан времянкадан өрт сөндіруші мен курьер баланы құтқарды. Олар баланы құтқару үшін ғимараттың қабырғасын бұзған, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт 28 желтоқсанда Алматының Алатау ауданындағы "Шаңырақ" шағынауданында болды. Сағат 12:11-де хабарлама түскен соң өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жеке тұрғын үй ғимаратының аумағындағы 60 шаршы метр аумақ өртенді. Өрт 12:37-де оқшауланып, 12:52-де сөндірілді.

Өрт сөндірушілер келгенше 13 жастағы баланы ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Ұлан Мұхамадиев пен курьер Арман Атзакир жанып жатқан времянкадан алып шықты. Баланы құтқару үшін олар ғимараттың қабырғасын бұзған.

ТЖД мәліметінше, 36 жастағы құтқарушы Мұхамадиев 24 сағаттық ауысымнан кейін сол күні үйіне келген. Қазіргі уақытта баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

"Кіреберістен өртті көрдім, бір бала келіп үйде қалып қойғанын айтты, үй иесі иесі лом берді, түтін шығып жатқан тесікті көрдім. Ломмен қабырғаны сындырып, баланы құтқардық", - дейді Ұлан Мұхамадиев.

Өрт болған кезде баланың анасы жұмыста болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2053363-isinde-bala-bolgan-almatydagy-sagynaudandardyn-birinde-vremyanka-ortendi/

pixel