Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жол талғамайтын көлік мұз астына түсіп кетті

Опубликовано:

Мұз астына түсіп кеткен көлік
Мұз астына түсіп кеткен көлік. Видеодан кадр: instagram.com/aqmola_tjd

Ақмола облысында Қоржынкөл көлінде балықшылар Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігінде жартылай мұз астына түсіп, суға батып кете жаздады, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД ресми Instagram парақшасында.

Құтқарушылардың айтуынша, Ерейментау ауданындағы Қоржынкөл көлінде балықшылар жүк талғамайтын көлікте жартылай мұз астына түсіп кеткен.

Видеодан жол талғамайтын көлік сол жағына қарай қисайып, мұз астына түсіп кеткенін көруге болады.

"Құтқарушылар дереу шақыру орнына шығып, арнайы құтқару техникасының көмегімен көлікті шығарып алды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын мұзға шықпауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2053377-aqmola-oblysynda-zol-talgamaityn-kolik-muz-astyna-tusip-ketti/

pixel