Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда конақ үй өртеніп, бір адам қаза тапты

Опубликовано:

Оқу орны
Оқиға болған жер. Видеодан кадр: Қостанай ТЖД

30 желтоқсанда Қостанай қаласының Дружба ауылында екі қабатты "Жібек жолы" қонақ үйінің ғимаратында өрт шықты. Құтқарушылар өртенген қонақ үйден әйелдің денесін алып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қостанай ТЖД Telegram-дағы ресми арнасында.

ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабар сағат 11:00-де түскен.

"Өрт ғимараттың шатырын, екінші қабатын және бірінші қабаттың кей жерлерін шарпыды, жалпы алаңның ауданы 900 м² болса, өрт соның 450 шаршы метрін құрады.

Өрт 13:18-де сөндірілді. Ғимарат әлі пайдалануға берілмеген", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына құтқару қызметтері: ТЖД қызметкерлері мен 13 бірлік техника, Полиция департаментінің қызметкерлері мен 4 бірлік техника, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен 1 бірлік техника жеткен.

"Өртті сөндіру кезінде әйелдің денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, өрттің шығу себептері жан-жақты тексерілмек", - деп хабарлады ТЖД өкілдері

Ведомство мәліметінше, өрт ошағынан ең жақын елді мекенге дейінгі қашықтық - 11 км. Оқиғаға қатысты тергеу тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2053421-qostanaida-konaq-ui-ortendi-qaza-tapqan-adam-bar/

pixel