Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Жол апаты болған жерде түсірілген видео кадры
Жол апаты болған жерде түсірілген видео кадры. Фото: instagram.com/tipavlo.dar

Павлодар облысында екі жеңіл көлік аударылып, төрт адам қаза тапты. Дәрігерлердің мәліметінше, жедел жәрдем оқиға орнына 11 минут ішінде жеткен, алайда кеш болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық жедел жәрдем станциясына сілтеме жасап.

Оқиға орнында түсірілген видео Instagram-дағы павлодарлық пабликтердің бірінде жарияланды. Видеодан екі жеңіл көлікті көруге болады, сипаттамасында көлікте болғанның бәрі қаза болғаны жазылған.

"Шақырту сағат 17:58-де түскен. Тереңкөл ауылынан 25 шақырым жерде екі көлік соқтығысқан. Бұл оқиғада Байқоныс ауылының жедел жәрдемі мен медицина мамандары жұмыс істеді", - деп хабарлады Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметіндегілер.

Дәрігерлердің айтуынша, олар 1-санаттағы шұғыл шақыртумен оқиға орнына 11 минутта жеткен. Алайда зардап шеккендерді аман алып қалу мүмкін болмаған, 30-45 жас аралығындағы төрт ер адам қаза болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2053439-pavlodar-oblysynda-zol-apatynan-tort-adam-qaza-tapty-video/

pixel