Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жыл түні Атырауда көпқабатты үйден өрт шықты (видео)

Опубликовано:

Family тұрғын үй кешенінен өрт шыққан сәт
Family тұрғын үй кешенінен өрт шыққан сәт. Фото: t.me/guwonline

Атырауда Жаңа жыл түні көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті өртенді. Тұрғындар дереу эвакуацияланды. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіде көпқабатты үйдің қасбетінде шыққан өрт түсірілген видео жарияланды. Жарияланым авторының айтуынша, өрт отшашудан болған.

Өңірлік ТЖД ақпараты бойынша, Family тұрғын үй кешенінің қасбеті өртенгені туралы ақпарат 1 қаңтарда сағат 00:33-де келіп түсті. Сағат 03:19-да өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Instagram желісінде оқиға туралы жазды.

"Нұрсайдағы Family ТК. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілерге алғысымды білдіремін!" - деп жазды Бисембиев Instagram Stories-те.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2053523-zana-zyl-tuni-atyrauda-kopqabatty-uiden-ort-syqty-video/

pixel