Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

7 көлік соқтығысты: Қарағанды облысында ірі жол апаты орын алды (видео)

Опубликовано:

Қарағанды облысындағы жол апаты
Қарағанды облысындағы жол апаты. Видеодан кадр: Telegram/PolisiaKZ

Қарағанды облысында "Алматы-Екатеринбург" тас жолының 1353-1425 шақырымында 7 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жол-көлік оқиғасы 2 қаңтар күні сағат 13:20 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тас жолының 1353-1425 шақырымында орын алған. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.

"Аталған автокөліктер Астанадан Қарағанды облысына қарай жолды жаппай тұрып өтіп кеткен. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеу салдарынан алда келе жатқан көліктер бір-бірімен соқтығысқан", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәулембаев.

Полиция департаменті көлік жүргізушілерден алыс жолға шықпауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2053590-7-kolik-soqtygysty-qaragandy-oblysynda-iri-zol-apaty-oryn-aldy-video/

pixel