Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ер адаммен жанжалдасқан тұрғын оның итін бауыздап тастаған

Опубликовано:

Пышақ ұстап тұрған ер адам
Пышақ ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әлеуметтік желіде Алматыда белгісіз біреу ер адамға пышақпен шабуылдағаны және оның итін бауыздап тастағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Оқиғаның жай-жапсарын ПД баспасөз қызметіндегілер айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға туралы ақпарат EGOV.PRESS Telegram-арнасында жарияланды.

"Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, Алматыда белгісіз ер адам басқа бір тұрғынға пышақпен шабуылдап, оны қуып жүріп, итін пышақтап өлтірген. Қаскүнемді полиция қызметкерлері ұстады. Осыдан бұрын жас балаларға да шабуыл жасаған деп хабарлайды", - делінген хабарламада.

NUR.KZ тілшісі мән-жайды білу үшін Алматы полиция департаментіне жүгінді. Ведомстводағылар бұл дерек бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 316-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық істі (жануарларға қатыгездікпен қарау) тергеп жатқанын хабарлады.

"1987 жылы туған Б. есімді күдікті ұсталды. Өз кезегінде ол иттің иесімен жанжалдасқанын айтты, арада туындаған жанжал кезінде иттің иесі жануардың тұмылдырығын алып тастап, итін оған қарсы айтақтаған. Күдікті қорғануға мәжбүр болғанын айтты", - деді полиция қызметкерлері.

Бірақ оқиғаның жай-жапсары тексерілетіні айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2053701-almatyda-er-adammen-zanzaldasqan-turgyn-onyn-itin-bauyzdap-tastagan/

pixel