Атырауда жеке үйдегі газ дүмпуі кезінде зардап шеккендердің бірі қайтыс болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАтырауда жеке үйлердің біріндегі газ дүмпуі кезінде зардап шеккен ер адам ауруханада көз жұмды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство өкілдерінің KAZ.NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, оқиға орнынан зардап шеккен бес адам медициналық мекемеге жеткізілген. Олар күйік алған. Үш ересек адам облыстық ауруханаға, екі адам балалар клиникасына жатқызылған.
Бүгін, 3 қаңтарда зардап шеккендердің бірі - 1964 жылы туған ер адам медициналық мекемеде қайтыс болған.
Қалған зардап шеккендердің де жағдайы әлі ауыр. Оларға қажетті барлық ем-дом көрсетілуде.
Еске сала кетейік, 2 қаңтарда таңертең Атыраудағы Көкарна ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасының дүмпуі болып, салдарынан үйдің қабырғасы жартылай қирап, өрт шыққан еді. Зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілген.
Ал жаңа жыл түні Атырауда көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті өртенді. Куәгерлердің айтуынша, оқиғаға отшашу себеп болған. Өрт үш сағаттың ішінде сөндірілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2053790-atyrauda-zeke-uidegi-gaz-dumpuinen-zardap-sekkenderdin-biri-qaitys-boldy/