Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде петарда жасөспірімнің қолында жарылды

Опубликовано:

Петарда, от шашу
Петарда. Көрнекі фото: pixabay.com

Өскеменде петарда қолында жарылған жасөспірім ауруханаға түсті, деп хабарлайды YK-news.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жаңа жыл мерекесі кезінде жасөспірім петарда жарылып, қолын жарақаттап алған. Ол көшеде жатқан петарданы байқап қалып, оны алып тұтатқан, бірақ лақтырып үлгермеген. Жасөспірім "Ана мен бала орталығына" жатқызылды", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Айта кетейік, өткен аптада Ақтөбеде 15 жастағы жасөспірім петарда атамын деп көзін жарақаттап алған еді.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында мектеп оқушысы петарданың кесірінен саусағынан айырылғаны туралы видео тараған болатын. Алайда кейін бұл оқиға Қазақстанда емес, Ресейде болғаны анықталды.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін еске салды. Қауіпсіздік мақсатында оларды тек мамандандырылған дүкендерден және стационарлық сауда орындарыннан сатып алу маңызды екені айтылды. Ғимараттар мен құрылыс нысандарынан 50 м жақын жерде, шатырлар мен ағаш астында отшашу ұйымдастыруға немесе желді ауа райында қолдануға отшашу жасауға жол берілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2053798-oskemende-petarda-zasospirimnin-qolynda-zaryldy/

pixel