Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда дәмхана ғимараты қирады: оқиға орнына жақын тұрғын үйге зақым келмеген

Жарияланған күні:

Оралда дәмхана ғимараты құлады
Оқиға орнынан фото: instagram.com/batys_kz

Бүгін, 4 қаңтарға қараған түні Оралда дәмханада газ жарылысы болып, ғимарат қирады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар бар. Дәмхананың дәл қасында орналасқан көпқабатты тұрғын үйге зақым келмеген, деп хабарлайды ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Компания ұсынған ақпаратқа сәйкес, 4 қаңтарға қараған түні өрт сөндіру бөлімінің кезекшісінен Орал қаласы Датов көшесінде орналасқан дәмханада газ жарылысы болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына жедел жеткен "ҚазТрансГаз Аймақ" апаттық бригадасы жарылыс салдарынан кафенің екі қабатты ғимаратына зақым келгенін хабарлады. Зардап шеккендер бар.

Апаттық бригада кафеге газ жеткізіп тұрған шкафты газ таратушы пунктті газдан ажыратты. Бұл жекеменшік ШТП "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ балансында емес", - делінген хабарламада.

Ал оқиға орнына жақын тұрған бес қабатты үйге зақым келмеген.

"Оған басқа ШТП-дан газ келеді. Кафенің от жағатын бөлігі бүлінбеген. Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа газ баллоны себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта үйінділерді аршу жұмыстары жалғасуда", - деді портал тілшісіне компания өкілдері.

Еске сала кетейік, бүгін түнде екі қабатты дәмхана ғимаратында алдын ала мәлімет бойынша газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан ғимарат қирап, кейін өртке оранған болатын. Оқиға орнында екі адам қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2053880-oralda-damxana-gimaraty-qirady-oqiga-ornyna-zaqyn-turgyn-uige-zaqym-kelmegen/