Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында автобус терең шұңқырға құлап кетіп, екі адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Кеніш
Кеніш. Көрнекі фото: pixabay.com

4 қаңтарға қараған түні Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Майқайың кеніші шахтасының жанында автобус терең шұңқырға құлап кетіп, екі адам қаза тапты. Қазір құтқарушылар қаза болған адамдардың денесін сыртқа шығару жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"ТЖД құтқарушылары құм арасынан қаза тапқан екі жолдасымыздың денесін тапқанын хабарлаймыз. Оларды жер бетіне шығару жұмысы жүргізіліп жатыр. Автобус әлі табылмады, іздестірліп жатыр.

Ұжым болып қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл қайғылы жағдай бәрімізге ауыр соққы және орны толмас қайғы болды.

КӘАҚҚ РО қаза тапқандардың отбасына қажетті көмекті көрсетеді, зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды", - делінген хабарламада.

Павлодар облысы ТЖД таратқан ақпаратына сүйенсек, опырылған жердің алдын ала болжам бойынша ұзындығы 150-200 м, ені 500 м, ал тереңдігі 150 м.

Апат кезінде автобуста КӘАҚҚ РОШ Павлодар филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші болған.

ТЖД өкілдері шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланғанын, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбегенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2053892-pavlodar-oblysynda-avtobus-teren-sunqyrga-qulap-ketip-eki-adam-qaza-tapty/

pixel