jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Таразда жолаушылары бар автобус 10 көлікті соғып өтті (фото)

    Таразда болған жол апаты
    Таразда болған жол апаты. Фото: Жамбыл облыстық ПД

    Таразда маршруттық автобустың жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, 10 автокөлікпен соқтығысты. Бір адам зардап шеккені белгілі, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметі хабарына қарағанда, бүгін сағат 10.45 шамасында Таразда №56 бағытында келе жатқан автобус жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Төле би даңғылында 33 жастағы жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Онда ол тұрақта тұрған он көлікті соққан.

    Жамбыл облысы ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 10 жолаушы болған. Жарақат алған 56 жастағы әйел қалалық ауруханаға жеткізілді.

    Таразда жол апатына ұшыраған автобус
    Таразда жол апатына ұшыраған автобус. Фото: Жамбыл облыстық ПД

    Осы факт бойынша автобус жүргізушісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

    Таразда жолаушылары бар автобус 10 көлікті соғып өтті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.