Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапты: тағы сегіз жолаушы зардап шекті

Опубликовано:

Терезесі шытынаған көлік
Жол апаты. Көрнекі фото: pixabay.com

Кеше, 7 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында үш адамның өмірін жалмаған жол апаты болды. Тағы сегізі зардап шекті, деп хабарлайды "Мой город".

БҚО полиция департаментіне сүйенген басылым хабарына қарағанда, Орал - Атырау тасжолының Янайкино ауылының маңында сағат 13:30-де Chevrolet Nexia мен Toyota Ipsum бетпе-бет соқтығысқан.

Апат болған жерде екі көлік жүргізушісі мен бір жолаушы да қаза тапты. Түрлі жарақаттары бар тағы сегіз адам ауруханаға жеткізілді. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2054304-bqo-da-zol-apatynan-us-adam-qaza-tapty-tagy-8-i-zardap-sekti/

pixel