Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отарда жаппай төбелесте екі адам соққыға жығылды: оқиғаға қатысы бар деген күдікпен әскери қызметшілер ұсталды

Жарияланған күні:

полиция көлігі
Полиция көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы жаппай төбелес түсірілген видео тарады. Жамбыл облысы гарнизоны ресми өкілдерінің хабарлауынша, оқиға кезінде екі тұрғын соққыға жығылған. Жаппай төбелеске қатысы болуы мүмкін әскери қызметшілер ұсталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желідегі бейнежазба сипаттамасында Отардағы жаппай төбелесте әскери қызметшілер екі тұрғынды ұрып-соққаны айтылады.

Бұған қатысты Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысы гарнизонының ресми өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдіріп, оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, оқиға 1 қаңтарда болған. Екі тұрғын дене жарақатын алған. Қордай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қылмыстық істі тергеу барысында оқиғаға Гвардейск гарнизонының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің қатысы бар екені анықталды. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қылмыстық-процестік кодекстің 128, 131-баптарына сәйкес алты адам ұсталды, оның ішінде қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына екі әскери қызметші қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Гарнизон өкілі басқа мәлімет тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2054390-otarda-zappai-tobeleste-eki-adam-soqqyga-zygyldy-oqigaga-qatysy-bar-degen-kudikpen-askeri-qyzmetsiler-qamauga-alyndy/