Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалады деген күдіктілер қамауға алынды

Опубликовано:

Полицей күдіктімен
Полицей және күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Атырауда кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен екі азамат ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Мақат ауданында кәсіпкерден 2,5 млн теңге қаражатты қорқытып алу дерегі анықталған.

"35 және 34 жастағы екі күдікті жәбірленушіден 1 млн теңге алу барысында ұсталып, қамауға алынды. Іс-құжаттарына сәйкес аталған күдіктілерге осы кәсіпкерден 2023 жылғы қазан айынан бері бопсалау арқылы жалпы сомасы 4,5 млн теңгені заңсыз иемдегені үшін де күдік келтірілуде", - делінген хабарламада.

Полицейлер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2054690-atyrauda-tender-utyp-algan-seneunikten-aqsa-bopsalady-degen-kudikpen-eki-turgyn-ustaldy/

pixel